Қоғам

"15 жылдан артық сотталмауы керек еді": Бишімбаевтың адвокаты сұхбат берді

«Тихий ужас» YouTube арнасына берген сұхбатында адвокат экс-министрге берілуі тиіс жаза мерзімі туралы өз ойын айтты.

Атышулы экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісінде адвокаты болған Назкен Құсайынова сұхбат беріп, қорғауындағы шенеуніктің жаза мерзімі әділетсіз болғанын айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Azattyq Rýhy. сайтына сілтеме жасап.

«Тихий ужас» YouTube арнасына берген сұхбатында адвокат экс-министрге берілуі тиіс жаза мерзімі туралы өз ойын айтты.

Бұл істі о баста қолға алғанда Қуандықтың өзіне де, ата-анасына да бұл істе ақталып шығу мүмкін емес екенін айтқанмын. Жаза мерзімі болатынын, кінәсінен адам өлгенін түсінуі керек екенін жеткіздім. Алайда бұл жерде қасақана, нақты мақсатпен адам өлтіру жоспары болмағанын айттым», - деді адвокат.

Ол сөзін жалғай отырып, Бишімбаевтың ісінен әлдеқайда ауыр жағдайлар болған сот ісінде жаза мерзімі аз болғанын тілге тиек етті.

Бұл іс те өзгелері сияқты қаралуы керек еді деп санаймын. Мысалы әлдеқайда ауыр жағдайларда, күйеуі әйелін көрпеге орап, өртеп жіберген, құлағын кесіп, ернін тігіп тастаған оқиғаларда аз жылға сотталады. Бізде неліктен заң бір адамға басқаша, екіншісіне тіптен бөлек жұмыс істейді? Бізде бірыңғай заң болуы керек. 24 жылға соттау заңсыз, әділетсіздік болды деп санаймын», - деді Назкен Құсайынова.