сәрсенбі, 5 ақпан, 2025 16:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Президент Шри-Ланка халқына құт-береке тіледі

Президент Шри-Ланка халқына құт-береке тіледі
фото Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаяке мен оның отандастарын ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаяке мен оның отандастарын ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент жеделхатында Шри-Ланканың орнықты даму және халықаралық беделін нығайту жолында айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өтті.

– Қазақстан Шри-Ланкамен қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен берік ынтымақтастық болашақта да халықтарымыздың игілігі үшін дами түсетініне кәміл сенемін, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаякенің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Шри-Ланка халқына құт-береке тіледі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар