Халық саны 20 286 084 адамға жетті
Бұл мәліметті ұлттық статистика бюросы ұсынды.
2024 жылы халық саны 252 242 адамға көбейді. Елімізде 1 млн-нан астам халқы бар 7 өңір бар.
Ең ірі өңірлер:
Алматы – 2 292 333 адам
Түркістан облысы – 2 154 334 адам
Алматы облысы – 1 560 377 адам
Астана – 1 528 887 адам
Шымкент – 1 256 263 адам
Жамбыл облысы – 1 222 513 адам
Қарағанды облысы – 1 133 984 адам
Халық саны ең жылдам қай қалада өсуде?
Ең жоғары өсім Астанада тіркелді – 6,91% жылдық өсім.
Ал Алматыда халық саны 2,86%-ға, Шымкентте – 2,80%-ға артты.
Ішкі көші-қон мен табиғи өсімнің арқасында ірі қалалардағы халық саны тұрақты түрде артып келеді. Сарапшылардың пікірінше, Астана – ең қарқынды дамып келе жатқан қала болып қала береді.