Қоғам

Әлеуметтік желіде талқыланған зәулім үй имамның үйі емес

Ерболат Жүсіпов бейнематериалда тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов әлеуметтік желіде қызу талқыланған зәулім үй өзінікі емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның зәулім үйді көрсетіп, онда Астана қаласының бас имамы тұратынын баян етіп, желіге салып жіберген. Расталмаған ақпарат әлеуметтік желіде өте қызу талқыланды. 

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов әлеуметтік желіде бұл үйде өзі тұратынын жоққа шығарды.

Ерболат Жүсіпов бейнематериалда тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.