жексенбі, 2 ақпан, 2025 23:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ләйлә Сұлтанқызы Алмас Кішкенбаевқа қатысты өз ойын бөлісті

Ләйлә Сұлтанқызы Алмас Кішкенбаевқа қатысты  өз  ойын бөлісті
facebook.com
Алматы полициясы 17 жастағы жасөспірімнің арызына қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.

Тележүргізуші, белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы жасөспірімге қатысты заңсыз әрекет жасады деп айыпталған әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты өз ойын бөлісті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.

«Алмас туралы… Шыққан жерін білетіндіктен, анасын, алған тәрбиесін көргендіктен, өз басым жамандыққа қимаймын. Рас болса, қашып кетпесі анық, жауапқа тартылады. Өтірік, жала жабылған болса, 17 жастағы бала ата-анасымен бірге кешірім сұрап, іс жабыла сала ма? Ал айрандай төгілген Алмастың абыройы ше?», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Осыдан бірер күн бұрын Алматыда 40-қа таяған ер адам полицияға жеткізілгенін еске саламыз. Кәмелетке толмаған ұлын қорлау туралы өтініші бойынша тексеру жұмыстары басталды. Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, күдікті – белгілі әнші Алмас Кішкенбаев.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар