Қоғам

Нұрлан имам сәресін кешігіп ішуге болмайтынын айтты

Танымал дін маманы, Астана қаласындағы Ырыскелді қажы мешітінің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы Jibek Joly телеарнасындағы «Ораза қабыл болсын!» бағдарламасына қонақ болып келді.

Танымал дін маманы, Астана қаласындағы Ырыскелді қажы мешітінің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы Jibek Joly телеарнасындағы «Ораза қабыл болсын!» бағдарламасына қонақ болып келді. Бағдарлама барысында имам  көрерменнің оразаға қатысты сауалына жауап берді, – деп жазады Oimaqnews.kz

Тікелей эфирге хабарласқан көрерменнің бірі  «Кейде 5-10 минут кешігіп ауыз бекітемін. Тамақ жеп-жеп алайын деген ниетпен. Осылай кешігіп бекіте берсем, бола ма?» деп сұрады. Имам оған:

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы күннің шығатын уақыты мен ауыз бекітетін сәресінің, ауыз ашатын ақшам уақытын жіті зерделеп, бекітеді. Сондықтан сіздің ауыз бекітер кезде он минут кешіккеніңіз өте қауіпті. Тіпті, бұл оразаның дұрыс болмауына әкеп соғады. Сондықтан он минут кешігіп жегенше, он минут ерте тұра салыңыз. Ұялы телефоныңыздағы оятқышты 10-20 минут ерте қойыңыз», – деп жауап қайырды.