Енді Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен сарбаздары ұлттық тағам жейтін болады.
Бұл туралы ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының тыл бөлімі мәлімдеп отыр.
“Жаңа мәзірге ет, сірне, наурыз көже, нарын, кеспе, бауырсақ және басқа да ұлттық тағам түрлері енгізіледі. Ұсынылып отырған өзгерістер Қазақ тамақтану академиясымен алдын ала келісілген.Әскери тамақтануға ұлттық тағамдарды енгізу - бұл аспаздық жаңалық қана емес, әскери қызметшілеріміздің жауынгерлік рухын нығайту мен мәдени бірегейлігін сақтаудағы маңызды қадам», – деді Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары Еркебұлан Хамидуллин.
Калориясы мен энергетикалық құндылығы жоғары ұлттық тағамдармен байытылған рацион зат алмасуды, иммунитетті жақсартуға және қарқынды жүктемеден кейін күш-қуатты қалпына келтіруге ықпал етеді, дейді сарапшылар.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.