QYZPU Қазақстан шахмат федерациясымен серіктестік туралы келісімшартқа қол қойды
Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Қазақстан шахмат федерациясы арасында серіктестік туралы келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Құжатты Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Гүлмира Қанай мен Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дармен Садвакасов бекітті.
Келісімшарт аясында Қазақстан шахмат федерациясының әдіскерлері мен университет оқытушылары бірлесіп әзірлеген «Шахмат бойынша педагог» Minor бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Бұл бірегей бағдарлама балалар мен жастарды шахматқа тиімдіүйрете алатын жоғары білікті педагогтер даярлауғамүмкіндік береді.
Шахматтың бастауыш сыныптан бастап оқу үдерісіне енгізілуі білім алушылардың логикалы қойлауын, стратегиялық жоспарлау дағдыларын, жағдайды талдау және дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
«Бүгін Қазақ шахмат федерациясы мен QyzPU арасында серіктестік туралы келісімшартқа қол қойылды. Келісімшарт аясында бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отырмыз. Ең алдымен, осы университет базасында әдістемелік орталық ашуды қалаймыз. Бұл – біздің федерациямызға шахматтық білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға көмектеседі.Ата-аналар мен шахматтың зияткерлік қабілетті дамытатынын түсінетін жандар тарапынан үлкен сұраныс бар. Сол себепті осындай ауқымды бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Осыған байланысты мұғалімдерді даярлау мәселесі туындайды. БізQyzPU-дың Қазақстандағы педагогикалық білім беру саласындағы флагманға айналғанын қалаймыз. Мұнда әдістемелік орталық құрып, мектептеріміз үшін мұғалімдер даярлауды бірлесіп жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар алдағы уақытта педагогикалық университеттердің түлектері бастауыш сынып мұғалімі дипломымен қатар «Шахмат педагогы» сертификатын да алады. Бұл сертификат бастауыш білім беру мұғалімдеріне мектептерде «Шахмат» пәнін вариативтік пән ретінде жүргізуге мүмкіндік береді. Тағы бір маңызды мәселе – арнайы алаң құру. Біз университет аумағында Kaz Chess Lab орталығын осы жылдың күзіне дейін ашу туралы келісімге келдік. Бұл орталықта мамандар жұмыс істеп, студенттер шахмат ойнайды, сондай-ақ әдістемелік бөлім болады – яғни, мамандар бағдарламаларды әзірлеп, оларды түзетіп, орындалуын қадағалайды. Осылайша, біз бірлескен ауқымды жобаныжүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», – деді Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дармен Канатович Садвакасов.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Қазақстан шахмат федерациясының бірлескен жұмысы балалар мен жастарға шахмат үйретудің сапасын арттыруға бағытталған. Бұл бастама білім беру жүйесініңжаңа деңгейге көтерілуіне және шахматтың ел ішінде кеңінен танымал болуына өз септігінтигізері сөзсіз.