Әлеумет

Тұрмыстық қиындықтан шаршап, көпірден секірмек болған

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Түркістан облысында отбасылық мәселелерден шаршаған әйел көпірден секіргісі келген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

“Оқиға Республикалық маңызы бар "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолында болған. Патрульшілер көпірде тұрған және бес метрлік биіктіктен секірмек болған әйелге назар аударған. Полиция әйелге жақындап, оны әңгімемен алаңдатып, содан кейін қолынан ұстап қалып құтқарып қалды. Одан кейін қауіпсіз жеткізілді.Полицейлердің басты міндеті — қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бірақ кейде олар құтқарушылар мен психологтардың рөлін атқарады. Әйел отбасылық мәселелерден шаршағанын айтты. Қазір болған оқиғаның мән — жайы анықталуда, әйелмен профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде", –  делінген ІІМ баспасөз қызметі хабарламасында.