Әлеумет

Бопсалағыш блогерлер ұсталды

Дамир Күшеев пен Руслан Кәрімов 15 жылға сотталуы мүмкін

Адам бопсалаған блогерлер – Дамир Күшеев пен Руслан Кәрімов 15 жылға сотталуы мүмкін, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Bugin.kz порталына сілтеме жасап.

Алматы прокуратурасының мәліметінше, қазіргі уақытта қалалық Полиция департаменті аса ірі мөлшерде жасалған бопсалау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл бап бойынша, азаматтардың мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

– Күдіктілер бопсалау және компроматтық материалдарды әлеуметтік желіге жариялау қаупін пайдалана отырып, 8 миллион теңге талап еткен. Сонымен қатар, олар жәбірленушіні сот шешімі бойынша кәсіпкер төлеуге міндетті 20 миллион теңге шағымынан бас тартуға көндіруге тырысқан, – деп мәлімдейді полиция.