Бір ауданды безендіруге 1 миллиард теңге – прокуратура
Қарағандыда Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы жалпы сомасы 985 156 250 теңге болатын, ауданды мерекелік безендіру бойынша үш жылдық конкурстың күшін жойды
Қарағандыда Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы жалпы сомасы 985 156 250 теңге болатын, ауданды мерекелік безендіру бойынша үш жылдық конкурстың күшін жойды, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz Қарағанды облысы прокуратурасына сілтеме жасап.
"Оған бір жылдан аса мерзімге шарт жасасу негіздерінің толық тізбесі көзделген бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының бұзылуы негіз болды.
Тапсырыс берушіге шартты орындау мерзімін ұлғайту қаржылық тұрақтылық көрсеткішіне негізделген әлеуетті жеткізушілердің қатысуын шектеген", - делінген хабарламада.
Прокурордың наразылығы бойынша аудан әкімдігінің конкурсының күші жойылып, конкурсты 1 қаржы жылына жариялау талаптарына сәйкестендірілгені айтылды.