Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар екіжақты күн тәртібінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Кеше, 26 қаңтар күні Беларусь Республикасы президентін сайлау өткенін еске саламыз. Сайлаушылар саны 6 900 504 адам, оның ішінде 88 мыңнан астамы бірінші рет дауыс беретін азаматтар. Айта кету керек, Беларусь азаматтарының 41,81 пайызы 21-25 қаңтар аралығында мерзімінен бұрын дауыс берген.