Руслан Ысқақов 15 жыл 6 ай мерзімге сотталды
Іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды.
Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақовқа үкім шықты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды.
Сот үкімімен Руслан Ысқақов 15 жыл 6 ай мерзімге сотталды.
Полковник Ысқақов бұрын сотта Қаңтар оқиғасы кезінде оған Самат Әбіш бұйрық бергенін мәлімдеген еді.
Сонымен қатар Руслан Ысқақов Арман Жұмагелдиевті қамау туралы нұсқау шетелден түскенін айтты. Алайда қай елден екенін ашып сөйлемеген.
Қаңтар оқиғасы кезінде Алматының жедел штабын ҰҚК Алматы департаментін басқарған Нұрлан Мәжілов басқарғанын жеткізген.