бейсенбі, 30 қаңтар, 2025 21:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Руслан Ысқақов 15 жыл 6 ай мерзімге сотталды

Руслан Ысқақов 15 жыл 6 ай мерзімге сотталды
Ulysmedia коллажы
Іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды.

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақовқа үкім шықты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды. 

Сот үкімімен Руслан Ысқақов 15 жыл 6 ай мерзімге сотталды.

Полковник Ысқақов бұрын сотта Қаңтар оқиғасы кезінде оған Самат Әбіш бұйрық бергенін мәлімдеген еді. 

"Олар Әбіштің бұйрығын орындағанымды айтпауым үшін осыған барып отыр (сотты жабық өткізу), - деген еді Руслан Ысқақов сотта сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар Руслан Ысқақов Арман Жұмагелдиевті қамау туралы нұсқау шетелден түскенін айтты. Алайда қай елден екенін ашып сөйлемеген.

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматының жедел штабын ҰҚК Алматы департаментін басқарған Нұрлан Мәжілов басқарғанын жеткізген.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар