Путинді 72 миллион адам қолдады
Ресейде өткен президент сайлауында Владимир Путин жеңіске жетті. Дауыс нәтижелерін санау осындай қорытындыға келуге жетелейді. Алдын ала мәліметтер бойынша Путинге сайлаушылардың 87,31%-і дауыс берген.
Ресей орталық сайлау комиисиясы хатмамалардың 99,70%-і өңделгенін, яғни тексерілгенін хабарлады. Соның нәтижесінде В.Путиннің басым дауыспен жеңіске жеткені белгілі болған. Екінші орында Мемдумадағы РФ Коммунистік партиясы депутаты Николай Харитонов тұр. Ол 4,3% дауыс жинаған. Мемдуманың вице-спикері, «Новые люди» партиясының мүшесі Владислав Даванков 3.8% дауыспен үшінші орында қалса, ЛДПР жетекшісі Леонид Слуцкий 3,17% дауыс жинапты.
Ресей Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда Путинге 72 млн 141 мың 981 дама, Н.Харитоновқа 3 млн 565 мфың 510 адам, В.Даванковқа 3 млн 152 мың 923 адам, Л.Слуцкийге 2 млн 629 мың 504 адам дауыс берген.
Oimaqnews