"Дикий Арман" мен Қайрат Құдайбергенге сот үкімі шықты
Арман Жұмагелдиев 20 жылға сотталды.
"Қалаулым" бағдарламасы арқылы танылған, Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған Бердах Бекетовке үкім шықтыү
Сот үкімімен бірнеше бап бойынша ол 7 жылға сотталды.
Бердах Бекетов Қаңтар оқиғасында "жаппай тәртіпсіздік жасады" деп айыпталған еді. Полиция Бердах Бекетовті 2022 жылы 22 қаңтарда көшеден ұстап, алып кеткен. Оған "Жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.
Бердах Бекетов тергеу изоляторында отырып үш рет хат жазған. 25 қаңтардағы хатында прокурорлар сөзін тыңдамай жатқанын, азаптау көріп жатқанын жазып, көпшіліктен араша болуды сұраған. 2 наурыздағы хатында кінәсіз екенін жазып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша болуын сұраған.
Сонымен бірге Дикий Арман лақап атымен белгілі Арман Жұмагелдиевке де қатысты сот үкімі шықты.
Іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды.
Жұмагелдиевке қаңтар оқиғасы кезінде 24 адамды ұрлап кетті деген айып тағылған болатын.
Сот үкімі бойынша Арман Жұмагелдиев 20 жылға сотталды.
Ал кәсіпкер Қайрат Құдайберген 8 жылға сотталды.
Іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды.
.