Қазақстандық банк ресейлік төлем жүйесіне шектеу қойды
Қазақстандық Bereke bank ресейлік төлем карталарымен жұмысты тоқтатты. Бұл ақпарат банктің ресми сайтында жарияланды.
"Bereke Bank МИР төлем карталарының ұлттық жүйесімен өзара іс-әрекетінің тоқтатылғаны туралы хабарлайды
Bereke Bank POS-терминалдарында "МИР" карталары бойынша төлемдерді қабылдау 17.03.2024 жылдан бастап қолжетімсіз болады.
Visa, MASTERCARD, UnionPay карталары бойынша операциялар Bereke Bank POS терминалдарында толық қол жетімді.
Қосымша сұрақтарыңыз болса 7744 нөміріне қоңырау шалыңыз",-делінген хабарламада. Bereke bank ресейлік Сбербанктің бұрынғы еншілесі саналады. Ресейлік банкке батыс елдерінің санкциясы салынған соң еншілес банкті "Бәйтерек" холдингі сатып алған еді.
Жалпы Bereke bank "Мир" төлем жүйесімен жүмыс істеуден алғашқы қаржы ұйымы емес. Ақпанда Freedom Finance бас тартқан еді. Halyk bank те. Банк Центркредит те осынау төлем карталарын қабылдауды тоқтатқан. Сонымен бірге Өзбекстанның Ipak Yuli bank де "Мир" төлем жүйесімен жұмысты қиындатып жіберді. 2022 жылдың күзінде Қырғызстанның "Компаньон" банкі бұл жүйеден бас тартқан. Биыл Түркияның бірнеше банкі бұл жүйеден бас тартты. Олардың қатарында DenizBank, Iş Bankasi, Halkbank, Ziraat Bank және VakıfBank қатарлы банктері ресейлік "Мир" төлем жүйесінен бас тартты.
Қазақстанда қазір бұл жүйемен тек ВТБ Қазақстан ғана жұмыс істеп тұр.