жұма, 31 қаңтар, 2025 2:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қаржы пирамидасы басшысы салымшылардың теңгесіне пәтер алған

Қаржы пирамидасы басшысы салымшылардың теңгесіне пәтер  алған
Сотталған әйел әлеуметтік желіде өзін табысты кәсіпкер ретінде көрсеткен,

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, сотталған әйел әлеуметтік желіде өзін табысты кәсіпкер ретінде көрсеткен, – деп жазады Aikyn.kz.

Ол азаматтарға 1,1 мың еуро (598 мың теңге) қолма-қол ақша салып, 10 жыл ішінде инвестицияланған соманың 20 пайызынан астам табыс алу арқылы ақша табуды және пәтер алуды ұсынған. 

"Жаңа инвесторларды тарту үшін ол әрбір жарнадан 2-ден 18%-ға дейін пассивті кіріс алуға уәде берді. Нәтижесінде, 42 адам қаржы пирамидасына 56 миллион теңгеден астам қаржы салған", – делінген хабарламада.

Сотталған әйел заңсыз жолмен тапқан ақшаны пайдаланып, Астана қаласындағы элиталық тұрғын үй кешенінен 85 миллион теңгеге пәтер сатып алған. Тұрғын үй сенімді тұлғаға тіркелген.

Әйел қаржы пирамидасын құру және оны басқару, қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстату үшін кінәлі деп танылды. Ол 5,6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал пәтер жәбірленушілерге өтемақы төлеуге жіберілді.

2024 жылы Қаржы мониторингі агенттігі инвесторларды 20 миллиард теңгеге алдаған 42 қаржы пирамидасын жойды. 78 адам сотталып, жәбірленушілерге 13 миллиард теңге көлемінде шығын өтелді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар