Перуде 9 млн жыл бұрын тіршілік еткен акуланың сүйектері табылды
Перуде 9 млн жыл бұрын тіршілік еткен акуланың сүйектері табылды
Оның тістерінің ұзындығы 8,9 см-ге жеткен, деп хабарлайды Reuters.
Перудегі палеонтологтар дүйсенбі күні шамамен 9 миллион жыл бұрын Оңтүстік Тынық мұхитының суларында тіршілік еткен үлкен ақ акуланың «туысының» сүйектерін таныстырды.
Cosmopolitodus hastalis толықтай дерлік сақталған таснұсқасы Лимадан оңтүстікке қарай 235 км жерде ежелгі теңіз түрлері жиі кездесетін Писко бассейнінен табылды. Бұл акула қазіргі ақ акуланың арғы атасы болған деп саналады.
Қазір бұл түр жойылды, бірақ оның тістерінің ұзындығы бір кездері 8,9 см-ге жетті, ал ересек дараларының ұзындығы 7 метрге дейін жетті.
- Акуланың толығымен сақталған қалдықтары әлемде өте сирек кездеседі, - деп атап өтті палеонтолог Марио Урбина.
Ол акуланың асқазанынан майшабақ тұқымдас балықтардың табылғанын қоса айтты.
Урбинаның атап өтуінше, акулалар ашық теңіздер мен мұхиттарда жүзген кезде майшабақ тұқымдас балық теңіз жыртқыштарының негізгі азығы болған.