Саясат

Қазақстандық бітімгерлер Голан жотасына жетті

Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметтерге қарағанда қазақстандық бітімгерлер Голан жотасына жетті.

"Қазақстандық бітімгерлік ротасы Голан жоталарына жетті.

Қарулы күштердің әскери қызметшілері Қазақстан аумағынан Сирия астанасы Дамаскіге ұшып барып, Фауар бітімгерлік базасына дейін автокөлікпен жетті",-делінген хабарламада.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанның бітімгерлік күштер  БҰҰ мандатына сәйкес Израиль мен Сирия арасындағы Голан жотасында қызмет атқарады. Миссия құрамында 139 жауынгер мен офицер бар.

Oimaqnews