Ақтөбеде кепілге алынған әйел ауруханадан шықты
Бірақ әйелге психологиялық көмек керек.
Дәрігерлер қазір келіншектің жағдайы оңалып, емделу уақыты аяқталғанын мәлімдеді. Бірақ 40 жастағы әйел психологиялық оңалтудан өтуі керек.
Еске сала кетейік, Ақтөбеде белгісіз бір күдікті ер адам 40 жастағы әйелдің үйіне баса көктеп кіріп, оны әке-шешесімен бірге соққыға жыққан еді. Ауыр жарақат салдарынан егде жастағы ерлі-зайыпты қаза болған. Ал 3 сағат бойы тұтқында болған әйел ауруханаға түскен болатын. Күдікті ұсталып, екі айға қамалған.