Әлеумет

"Қажылыққа апарам" деп алдаған: уәдеде тұрмаған кім?

Компания азаматтарға 10 күндік қажылыққа уәде берген

«Жазира тревел» атты турфирма жүзден аса азаматты Меккеге апарамыз деп, уәдесінде тұрмаған. Енді жер-жерден жиналған азаматтар не ақшасын қайтара алмай, не Меккеге бара алмай қалған. 

Компания азаматтарға 10 күндік қажылыққа уәде берген. Кеше бір тәулік уақыт берілсе, бәрінің ақшасын қайтарып береміз деген. Фирманың иесі – Мейіржан Рыскелдиев деген 2001 жылғы жігіт. Оның үстінен алданғандар арыз түсірген.

Кейбір азаматтар жүз мыңдап болса, екіншісі миллиондап ақша берген. Не қажылық жоқ, не қаражат жоқ. Бүгін алданғандар Алматыдағы Әуезов аудандық полиция басқармасына арыз түсірген. Ақшаның бәрін азаматтар мобильді аударымдар арқылы аударған.

Мейіржан Рыскелдиев деген турфирма иесінің алдына барғанда ол ақшаны «қайтарамыз» деп уәде еткен. «Менің ниетім – ақшаны қайтару, сотталуды мақсат тұтпаймын» дейді ол. Кешкі жетіге дейін уақыт сұраған. Бірнеше жерге барып, ақша алып, бәрін таратып беретінін айтқан. Видеоны желіге салмауды сұраған.