Бас бапкер Сәкен Бибосыновтың басынан өткен қиын кезеңдер туралы айтты
"Болар елдің балалары бір-бірін батыр" дейді.
Бокстан ұлттық құрама бапкері Қайрат Сәтжанов Сәкен Бибосыновтың басынан өткеріп жатқан қиын кезеңдер туралы айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
«Спорт+» телеарнасында өткен подкастта танымал боксшының үш баласы шетінеп кеткені белгілі болды. Таиландтағы Азия чемпионатында Сәкен үшінші сәбиінен көз жазып қалғанын естіген.
Ал журналист Айбек Қабылшаның сөзінше, былғары қолғап шеберінің бұған дейін екі баласы құрсақта шетінеп кеткен.