сәрсенбі, 22 қаңтар, 2025 15:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бас бапкер Сәкен Бибосыновтың басынан өткен қиын кезеңдер туралы айтты

Бас бапкер Сәкен Бибосыновтың басынан өткен қиын кезеңдер туралы айтты
Фото: Olympic.kz
"Болар елдің балалары бір-бірін батыр" дейді.

Бокстан ұлттық құрама бапкері Қайрат Сәтжанов Сәкен Бибосыновтың басынан өткеріп жатқан қиын кезеңдер туралы айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

  «Спорт+» телеарнасында өткен подкастта танымал боксшының үш баласы шетінеп кеткені белгілі болды. Таиландтағы Азия чемпионатында Сәкен үшінші сәбиінен көз жазып қалғанын естіген.

«Таиландта жеңіліп қалғанда нөміріме келіп, жағдайды түгел айтып бергенде, еңіреп тұрып жылады, сосын екеуміз қосылып жыладық. «Болар елдің балалары бір-бірін батыр» дейді, сондықтан жігіттерді қолдайық», - деді бас бапкер.

Ал журналист Айбек Қабылшаның сөзінше, былғары қолғап шеберінің бұған дейін екі баласы құрсақта шетінеп кеткен.

«Бұған дейін екі баласы құрсақта шетінеп кеткен, үшіншісі де солай болды. Үшіншісіне аяғы ауыр кезде келіншегін Алматыға апарып, дәрігерлердің бақылауында болды. Айы-күні жетіп отырғанда, тағы қайғылы жағдай болды. Бұл Сәкеннің ер азамат, әке ретіндегі арманының күл-талқанын шығарды. Бұл жайт оның спорттағы карьерасына да әсер етпей қоймасы анық», - деді тілші.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар