Денсаулық сақтау министрі Бас мүфтимен кездесу өткізді
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Қазақстанның Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесу өткізді.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Қазақстанның Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz министрлікке сілтеме жасап.
Кездесудің негізгі тақырыбы – вакцинациялау және ағза донорлығы мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыру мәселелері.
Әңгімелесу барысында Денсаулық сақтау министрі вакцинациялау еліміздің денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттардың бірі болып саналатынын атап өтті. Министр сонымен қатар вакцинациядан бас тартудың басты себептерінің бірі – ата-аналардың діни сенімдерінің әсері.
Осыған байланысты Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен (ҚМДБ) ынтымақтастықты күшейтуді жоспарлап отыр.