Саясат

Елордада қазақ-неміс мектебі ашылады

Елордада қазақ-неміс мектебі ашылады.

Елордада қазақ-неміс мектебі ашылады. Бұл туралы Сенат депутаты, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі, «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы Евгений Больгерт айтты.

«Қазіргі кезде біздің жастар өте күрделі сын-тегеурінге тап болып жатады. Бұған қарқынды цифрландыру және жасанды интеллекті де қатысты. Білім беру жүйесі үнемі бір қадам озық болуы керек», - деді Е. Больгерт Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда.

Бұл тұрғыда ол елімізде прогрессивті оқу орындары қажет екенін айтты.

«Осы орайда Астанадағы қазақ-неміс мектебін атап өтуге болады. Бүкіл Орталық Азия үшін бірегей бұл оқу орны біздің балаларымызға Германия мен Еуропаның білім кеңістігіне кедергісіз қол жеткізуге мүмкіндік береді. Өйткені, бүгінде жастарымызды өмірге мектептер дайындайды», - деді сенатор.