Әлем

Артық салмақтан арыламын деп көз жұмды

Бұл оқиға Мәскеу косметологиялық орталықтың бірінде болған.

Мәскеу қаласындағы косметологиялық емханалардың бірінде артық салмақтан арылмақ болған 40 жастағы әйел көз жұмды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметке сәйкес, марқұмның ағзасы медициналық препаратқа жедел аллергиялық реакция берген.

– Косметологиялық процедурадан кейін 40 жастағы Марияның денесі медициналық препаратқа жедел аллергиялық реакция берген. Бұл бөртпе эпилепсиялық ұстамаға ұласып, жағдай ушығып кеткен, - деп мәлімдеді полиция қызметкерлері. 

Аллергиядан соң эпилепсиялық ұстамасы ұстаған әйелге екпе еккен маманның 18 жылдық тәжірибесі бары айтылды. Марқұмның денесінің іш жағынан бірнеше инъекция іздері табылған. 

Қайғылы оқиғадан соң косметологиялық клиника жұмысын тоқтатты. Қазір осы оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.