Қарағандыда балабақшалардың бірінен өрт шықты
Бұл туралы жергілікті Төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеді.
Қарағанды қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде өрт шығып, 88 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы жергілікті Төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеді.
“Қарағанды қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде жертөледегі заттар (1 ш.м.) мен электр қалқанының автоматы өртеніп кетті. ТЖМ құтқарушылары балабақшадағы өртті сөндірді. ТЖМ күштері түтінге толы ғимараттан 88 адамды, оның ішінде 82 баланы тез арада эвакуациялады. Оқиға орнында балаларды жылыту үшін вахтовкалар жұмылдырылды. ТЖД психологтары да жұмыс істеді. Медициналық көмек ешкімге қажет болған жоқ”, – делінген хабарламада.
Қазір өрттің себебі анықталып, залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.