Тату салдыру күнә ма: ҚМДБ мәлімдеме жасады
" Денеге татуировка салу – харам".
ҚМДБ-ның мәліметінше, тату дәрет пен намазға кедергі емес, алайда ислам дінінде оны денеге салу үлкен күнә саналады. Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі мәлімдеме жасады.
Ғұламалар татудың харам екеніне бірауыздан келіскен.
Ғұламалар кеңесі денеге сурет салуға тыйым салынғанын және мүмкіндік болса оны кетіру керек екенін айтты.