бейсенбі, 23 қаңтар, 2025 2:30

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тату салдыру күнә ма: ҚМДБ мәлімдеме жасады

Тату салдыру күнә ма: ҚМДБ мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto
" Денеге татуировка салу – харам".

ҚМДБ-ның мәліметінше, тату дәрет пен намазға кедергі емес, алайда ислам дінінде оны денеге салу үлкен күнә саналады. Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі мәлімдеме жасады.

Ғұламалар татудың харам екеніне бірауыздан келіскен.

– Татуировка – тері астына бояуыштарды ендіру жолымен салынатын адам денесіндегі сурет. Ғұламалар оның харам екеніне бірауыздан келісті. Ол – үлкен күнә. Өйткені ол Алланың жаратылысын өзгерту, көзбояушылық, қанның араласуы себепті нәжіс бояумен бояу, денеге зиян беру болып саналады, – делінген мәліметте.

Ғұламалар кеңесі денеге сурет салуға тыйым салынғанын және мүмкіндік болса оны кетіру керек екенін айтты.

– Денеге татуировка салу – харам, үлкен күнә. Тәубе етіп, мүмкіндік болса, оны кетіруі керек. Татуировканы кетіру денсаулыққа зиян болса, амалсыз қалады. Ол дәретке, намазға және имамдыққа кедергі болмайды, – деп қосты кеңес.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар