Әлеумет

Пшөннің мүсінін қайда қоятыны белгілі болды

Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Былтыр Атырау облысындағы су тасқыны кезінде көпшілікке көмектескен Пшөн есімді итке арналған сәулет мүсіні қайда қойылатыны белгілі болды.

Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл шешім оның символдық маңыздылығын ескере отырып қабылданған.

"Индер ауданындағы түрлі бастамалардың авторы, шағын сәулет нысандарын жасаудың шебері, ерікті Азамат Кенжеғалиев өткен жылы су тасқынына қарсы жұмыстарға белсене қатысып есте қалған еді. Ол еріктілер атынан су тасқыны кезінде көпке көмектесіп есте қалған Пшөн есімді итке арнап шағын архитектуралық мүсін жасап шығарды. Мүсін Махамбет ауданына қойылады", –  делінген  әкімдік хабарламасында.