Спорт

Елжана Таниева спорттық мансабын аяқтады

Елжана Таниева бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлім етті.

 

Өзінің спорт залына алғаш төрт жасында барғанын айта келіп, гимнастиканың өмірінің ажырамас бөлігіне айналғанын жеткізді. Қуанышты сәттермен қатар кедергілердің де болғанын айтқан спортшы өз бапкерлеріне алғысын білдірді. Әсіресе, Әлия Юсупованың екінші анасына айналғанын атап өтті.

Қазақстан гимнастика федерациясынан алынған мәліметке қарағанда, Елжананың қоржынында Азия чемпионатының үш алтын медалі, Азия ойындарының екі күмісі, Марбельядағы Гран-при жарысының алтын жүлдесі және әлем кубогының медальдары бар. Сондай-ақ ол Париждегі Олимпиада ойындарына қатысты