Қоғам

Егіс науқаны басталғанда су мәселесі ушыға түседі – Қайрат Балабиев

Депутат осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевқа депутаттық сауал жолдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2030 жылға дейін суармалы жер көлемін 3 млн гектарға шейін ұлғайтуды тапсырып, осыған байланысты су қоймалары мен каналдарды реттеуді, су көздерін табуды әрі су пайдалануды үнемдеу технологияларын енгізуді міндеттеген еді. Бұл бағытта арнайы Жол картасы әзірленіп, министрліктердің айналдырған 20 су қоймасы салынады деп келе жатқанына 10 жылға жуықтапты. Бұл туралы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қайрат Балабиев айтты. 

Оның айтуынша, су тасқыны апаттарының тағы  бір себебі – су қоймалары мен каналдардың көпшілігі жекеменшікке өтіп кеткені. Бір ғана Түркістан облысында 4 су қоймасы мен 105 канал жеке меншікте. Бұл – егін және мал шаруашылығымен айналысатын Арыс, Жетісай, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Түлкібас  және Шардара аудандарында орналасқан жалпы ұзындығы 335 шақырымды құрайтын су арналары. 

Егіс науқаны басталғанда су мәселесі ушыға түседі. Себебі осы ресурстарды егеленіп алғандар шаруаларды судан тарықтырып, әлдеқандай болады. Олармен дауласып жүргенде жаз да бітеді.