Атырауда Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны өтіп жатыр
Атырауда Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны басталды. Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және құрылтай мүшелері қатысып отыр.
Бұған дейін құрылтайдың алғашқы жиыны ұлт ұясы - Ұлытауда өтті. Былтыр түркі әлемінің алтын бесігі Түркістанда жалғасқан еді.
Ұлттық құрылтайдың жиынын төраға орынбасары, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ашып, атқарылған жұмыстарға шолу жасады.
Оның айтуынша, кеше Атырауда Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы аясында жұмыс секцияларының ел дамуының басым бағыттарын талқылады.
Оның айтуынша, Түркістанда өткен екінші отырыстан бастап, Ұлттық құрылтай жұмысы секциялар аясында жүргізілетін болды. Төрт секцияның жұмыс отырыстары осыдан бір ай бұрын және кеше арнайы ұйымдастырылды.
Кеше өткен секция жұмыстарына Ұлттық құрылтайдың 76 мүшесі қатысып, өз ойларын ортаға салды. Нәтижесінде 100-ден аса нақты ұсыныс айтылып, байыпты бастамалар көтерілді. Мұның бәрі қоғам белсенділері мен мемлектеттік органдар арасында тиімді және ашық орнағанын көрсетеді.
Құрылтай мүшелері отандық өндірісті ұлғайту, оның ішінде инфрақұрылымды дамытып, табысты кәсіпорындар ашу ісіне ерекше тоқталды.
Сондай-ақ медициналық-әлеуметтік саланы қаржыландыру, ішкі миграцияны жүйелеу және елдегі баспана мәселесін жетілдіру ісін талқылап, экономикалық көрсеткіштердің негізгі факторы — адам капиталын дамыту жайын саралады.