сәрсенбі, 15 қаңтар, 2025 17:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс жуырда сотқа жолданады

Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс жуырда сотқа жолданады
фото: ашық дереккөз
Бұл туралы бүгін депутат, заңгер Абзал Құспан Мәжілісте айтты.

Талғар ауданында адам қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс келесі апта немесе одан кейінгі аптада аптасында сотқа жолданады. Бұл туралы бүгін депутат, заңгер Абзал Құспан айтты.

«Былтырғы желтоқсан айында бізге «қаңтар айының аяғына дейін қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдаймыз» деген болатын. Іс бойынша күдіктілердің бәрі қамауда, олардың әрқайсысына  қатысты тиісті құқықтық баға берілді. Әзірге осы. Менің ойымша келесі апта, болмаса, одан кейінгі аптада іс сотқа жолдануы керек. Прокуратура органдары істі сотқа жолдар алдында брифинг өткізеді деген. Әзірге маған берілген ақпарат осы», - деді Абзал Құспан.

Айта кетейік, бұған дейін ішкі істер министрлігінің өкілдері қылмыстық іс 2024 жылдың аяғына дейін сотқа жолдануы мүмкін деген болжам айтқан. Журналистер Абзал Құспаннан бұл болжам неге жүзеге аспай қалғанын сұраған болатын.

«Тергеудің өз қиындықтары бар. Мен прокуратура органдарында да жұмыс істедім, адвокат та болдым. Кейде жоспар жүзеге аспай қалады. Өйткені, жауап алатын куәгер келмей қалады. Сарапшылар маңызды сараптаманы уақытында аяқтап үлгермей жатады. Ал ол куәгер, не сараптамасыз істі сотқа жолдай алмайды», - деп түсіндірді Абзал Құспан.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар