Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Төлеген Иманбаевтың айтуынша, 823 мал басына зерттеу жүргізілген. Соның ішінде 95-і оң нәтиже көрсеткен. Зарарланған малдар уақытында тапсыруға жіберілген. Қазіргі уақытта қалған 826 бас малға ережеге сәйкес зерттеулер жалғастырылып жатыр.
Зерттеулер қосымша екі рет жүргізілгеннен кейін ауру анықталған. Оқиға орнында республикалық эпизоотияға қарсы отряд жұмыс істеп жатыр. Әр 15-20 күн сайын малдан қан алынып зерттеледі. Екі рет теріс нәтиже алынған жағдайда ғана карантин алып тасталады.
Аурудың таралуына себеп болған жағдайлар ретінде шаруашылық ішінде және жайылымда малдарды дұрыс бақыламау, сондай-ақ карантиндік шараларды уақытында қолданбау аталып отыр.
Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстанда бруцеллезге байланысты мыңдаған мал сойылып жатқанын жаздық. Жыл басынан бері 666,8 мың ірі қара мал тексерілген, оның 4 942-і инфекцияланған. Ал ұсақ мал арасында 1,1 миллион бас зерттеліп, 1 203-і оң нәтиже берген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.