Болашақта Марсқа адам жеткізуі мүмкін деп саналатын Starship ғарыш кемелері былтырдан бері үшінші рет сынақтан өткізілді. 2023 жылдың 20 сәуірінде Starship алғашқы сынақтан өткізілген еді. Кеме 39 шақырым биікке жеткенде, ұшудың төртінші минутында аранйы сигнал арқылы жарылған. Бірінші Starship ғарыш кемесін аспанға Super Heavy үдеткіші алып шыққан еді. Екінші сынақ, 2023 жылдың 17 қарашасында өткен еді. Сол сынақта Starship кемесі 148 шақырым биікке көтерілген еді.
Ал 14 наурыздағы сынақта Starship S28 жоспарланған орбитаға шықты. Ғарышта кеменің жүк бөлігінің есігін ашып, жабу және бір бактағы отынды келесісіне қотару тәжірибелері жасалды. Осы сынақтардан соң ғарыш кемесі Жер атомосферасына қайта енді. Алайда 65 шақырым биіктікте кемемен байланыс үзілді. Сөйтіп ғарыш кемесі өртеніп кеткен сыңайлы. Қалдықтарының қай маңайғңа құлағаны немесе құлауы мүмкін екені жайлы мәлімет жоқ. Жоспар бойынша атмосфераға енген соң кеме мамандардың бақылауымен Мадагаскар аралының солтүстігіне қарай, Үнді мұхитына құлауы керек еді.
Ал ғарыш кемесін көөк алып ұшқан зымыранның бірінші сатысы ойдағыдай жұмыс істеген көрінеді. Super Heavy B10 үдеткішінің барлық 33 қозғағышы ойдағыдай жұмыс істеген. Үдеткіш кемені тиісті биіктікке шығарған соң ашжырады. Ол да сәтті өткен. Алайда Мексика шығанағына баппен құлауға тиіс үдеткіш қатты құлады. Ол су бетіне соғылардан бұрын сағатына 1000 шақырым жылдамдықпен қозғалған. Әрі суға құлардың алдында, дәлірек айтқанда 2 секунд бұрын және 1 шақырым биіктікте үдеткіштің тек 2 қозғағышы ғана жұмыс істеп тұрды. Соның салдарынан үдеткіш қирады. Дегенмен мамандар Starship S28 кемесінің сынағы біршама сәтті болды деп есептейді.
Oimaqnews
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Атырауда Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны өтіп жатыр
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский енді АҚШ президенті болып сайланған Трамппен тілдесіп үлгерді
- авторОймақ
- 8 қараша, 2024