Әлем

Барбара Рыльска дүниеден өтті

Өнер иесі 11 қаңтар күні 89 жасында қайтыс болды.

«Польшалық Марлен Дитрих» атанған танымал поляк және кеңес актрисасы Барбара Рыльска дүниеден өтті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Onet басылымына сілтеме жасап.

Өнер иесі 11 қаңтар күні 89 жасында қайтыс болды. Барбараның өлімінің нақты себебі хабарланған жоқ.

Барбара Рыльска 1936 жылы 20 қаңтарда Краков қаласында дүниеге келген. Ол Варшава театр училищесін бітіріп, кейін фильмдерге түсе бастады.

Ол Кеңес Одағы кезінде түсірілген «Беспокойная племянница», «Особняк на Зеленой», «Разводов не будет» фильмдеріндегі рөлдері арқылы танымалдыққа ие болды.