сәрсенбі, 15 қаңтар, 2025 11:26

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жапонияда 6,9 балдық жойқын жер сілкінісі болды

Жапонияда 6,9 балдық жойқын жер сілкінісі болды
Фото: APA
Зілзаладан соң өңірде цунами қаупі туралы ескерту жарияланды.

Жапонияның оңтүстік-батыс бөлігінде магнитудасы 6,9 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Зілзаладан соң өңірде цунами қаупі туралы ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz NHK сілтеме жасап.

Жапония метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 21:19-дан (Астана уақыты бойынша сағат 17:19) кейін болған. Осыған байланысты Кюсю аралындағы Миядзаки префектурасында, сондай-ақ Жапонияның оңтүстігіндегі Коти префектурасында ескерту жарияланды.

Жер сілкінісінен соң шамамен 30 минут ішінде биіктігі бір метр болатын алғашқы цунами толқыны жағалауға жетті.

Жергілікті билік цунами қаупі туралы ескертуді дүйсенбі күні кешкісін алып тастады, бірақ тұрғындарды теңізден және жағалаудан аулақ болуға шақырып жатыр. Себебі екінші және үшінші толқындар алғашқы толқыннан биік болуы мүмкін деп болжанып отыр.

Синоптиктердің айтуынша, осы ауданда дәл осындай күшті жер сілкіністері болса, жартастардың құлауы және тастардың домалауы тұрғындарға қауіп төндіруі мүмкін.

Жапонияның көп бөлігі Тынық мұхитының отты сақинасында орналасқан. Сондықтан бұл аймақ қарқынды сейсмикалық және вулкандық белсенділігімен танымал.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар