Банкир Ержан Тәтішевті өлтірген Мұратхан Тоқмәди жаза мерзімін қысқартқысы келеді
Банкир Ержан Тәтішевті тапсырыспен өлтіргені үшін сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің жаза мерзімін қысқартқысы келеді. Бұл туралы Тәтішевтер отбасының адвокаты Анна Чернова мәлімдеді.
Заңгердің айтуынша, Мұратхан Тоқмәди жазасын жеңілдету мәселесі бойынша тағы да сотқа жүгінген.
Анна Чернова адамды қасақана өлтіргендерге мүлдем жеңіл жаза тағайындалмауы керек дейді. Жәбірленушілер 16 қаңтарда Қонаев сотында өтетін сотқа дайындалып жатыр.
Бұған дейін сот Мұратхан Тоқмәдиді шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жойған еді.