Полицей өлімі: кикілжің қалай басталған
Желіде видеосы тарай бастады.
Әлеуметтік желіде полиция қызметкері мен Алматыдағы мекемелердің біріне келушінің арасындағы кикілжің қалай басталғаны туралы видео жарияланды. Полицейлер бұл видеоның оқиғаға қатысы барын растады.
Telegram-дағы Kozachkov offside арнасында жарияланған видеоның сипаттамасында кадрда полиция қызметкері қатысқан жанжалдың басы көрсетілген. Бейнежазбада 41 жастағы күдікті қасында отырған қызды қылғындырып, қолынан жұлқылағаны көрсетілген.
Сондай-ақ Telegram-дағы осы арнада тағы бір видео жарияланды. Видеода күдіктінің «мейрамхананың алдындағы төбелестен кейін сөмкесін алу үшін бөлмеге жүгіріп кіріп, оның ішінен бір затты шығарғаны» көрсетілген. «Ол пышақ болуы мүмкін, ол осы затпен көшеге шыққан», - деп жазылған.