2025 жыл: стипендия мөлшері артты
Бұл 1 қыркүйектен бастап жүзеге асады.
2025 жылы студенттерге арналған стипендия мөлшері қаншаға артқаны белгілі болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәлімдеп отыр.
“2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап:
бакалавриат – 52 372 теңгеге дейін;
педагогика және медициналық бағытында білім алушыларға – 84 000 теңгеге дейін;
магистранттарға – 117 098 теңгеге;
докторанттарға – 262 500 теңгеге дейін өседі”, – делінген министрлік хабарламасында.
Емтихан сессиясын «өте жақсы» тапсырған жағдайда жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталады. Стипендия алудың төменгі шегі – 70 балл болса, жоғары шәкіртақы алу үшін семестр бойынша қорытынды баға – 90 баллдан жоғары болуы қажет.