11 қаңтарда АҚШ-тың Мэриленд штатында қазақ жазушысы Мұхтар Мағауинмен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Бұл туралы журналист Назира Байырбек өзінің инстаграм-парақшасында айтты.
Қоштасу рәсіміне жазушының отбасы, балалары мен немерелері, достары қатысты. Сондай-ақ Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев, сол жақтағы консул Жүсіп Орынбай, Америкадағы қазақ қауымдастығының өкілдері, АҚШ-та оқып жатқан студенттер де бар.
Жазушы Вашингтон маңындағы Parklawn Memorial зиратына жерленді.
Еске салайық, 10 қаңтар күні халық жазушысы Мұхтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.