Әлем

Илон Маск миға арналған нейрочипті осымен үшінші адамның басына имплантациялады

The final spritzer

Илон Маск миға арналған нейрочипті осымен үшінші адамның басына имплантациялады

Илон Масктың ми интерфейсіне арналған чипі үшінші адамға имплантацияланды. Компания 2025 жылы чипті тағы 20-30 адамға салуды жасауды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы NDTV порталын хабарлайды.

Адам миына арналған чипті салатын Neuralink компаниясы бұл тәжірибені бұғн дейін екі адамға жасап көрген.

"Қазір бізде Neuralink чипімен имплантацияланған үш адам бар. Олардың барлығы жақсы жұмыс істейді", — деді Маск өзінің Х әлеуметтік платформасында.

Neuralink –  паралич және амиотрофиялық бүйірлік склероз сияқты ауруларды емдеуге көмектесетін ми импланттарын дайындайтын өсіп келе жатқан стартап-компаниялардың бірі. Бұл әдетте бас сүйегін ашып, ми тініне электродтарды жіберу арқылы жасалатын эксперименттік процедура.