Илон Маск миға арналған нейрочипті осымен үшінші адамның басына имплантациялады
- авторОймақ
- 12 қаңтар, 2025
- 50
Илон Масктың ми интерфейсіне арналған чипі үшінші адамға имплантацияланды. Компания 2025 жылы чипті тағы 20-30 адамға салуды жасауды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы NDTV порталын хабарлайды.
Адам миына арналған чипті салатын Neuralink компаниясы бұл тәжірибені бұғн дейін екі адамға жасап көрген.
"Қазір бізде Neuralink чипімен имплантацияланған үш адам бар. Олардың барлығы жақсы жұмыс істейді", — деді Маск өзінің Х әлеуметтік платформасында.
Neuralink – паралич және амиотрофиялық бүйірлік склероз сияқты ауруларды емдеуге көмектесетін ми импланттарын дайындайтын өсіп келе жатқан стартап-компаниялардың бірі. Бұл әдетте бас сүйегін ашып, ми тініне электродтарды жіберу арқылы жасалатын эксперименттік процедура.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.