сәрсенбі, 15 қаңтар, 2025 15:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

110 жастағы қария төлқұжатын жаңартты

110 жастағы қария төлқұжатын жаңартты
Қазақстан паспортын алғандардың ең жасы - 10 күндік сәби.

1,5 миллионнан астам жеке куәлік пен 2,5 миллион төлқұжат берілген, – деп жазады Aykin.kz.

Қазақстан паспортын алғандардың ең жасы 10 күндік сәби болса, ал ең егдесі – 110 жаста. 

Ол – Түркістан облысы Жетісай ауданында тұратын Оңай Бегімбаева. 

"Төлқұжатының мерзімі өтіп кеткен соң, полиция қызметкерлеріне айттық. Міне, әкеліп отыр бүгін. Шетелге шығатын да паспорт берді. Жеке куәлік те берді", – деді Бегімбаеваның ұлы Жұмамұрат Бекбаев. 

Жуырда ауданның полицейлері қарияға жаңа жеке куәлігі мен төлқұжатын үйіне жеткізіп берген. Оңай апа бүгінде үш қызы мен екі ұлынан 33 немере мен 25 шөбере сүйіп отыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар