KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,91 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 526,81 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 528,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы - 530,5 теңге. Еуро 543 - 546 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 525 теңге, сатып алу құны - 531 теңге. Еуро 542 теңгеден сатылып, 549 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,07 - 5,20 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 10 қаңтарға ұсынған ресми бағамы - 1 долларға 524,75 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,12 теңге. Еуро - 540,60.
Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді.
Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өзгеруі импорт тауарлары құнына әсер етуі мүмкін екенін айтты.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.