Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы басшысының ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлім етті
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы басшысының ұсталғанын мәлім етті.
ҰҚК-тің мәліметінше, әскери-тергеу басқармасы басшысы пара алу бойынша күдікке ілінген.
– Қылмыстық кодекстің 366-бабына сәйкес «пара алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, – делінген хабарламада.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.