Әлеумет

Блогердің басы дауға қалды

Блогердің жары әлеуметтік желіге жазба жариялаған.

Миллиондаған оқырманы бар Оралдық блогер Қолғанат Жұмабаевтың басы “педофилиямен” дауға қалды, деп  хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы блогердің жары Құлпынай Қанат әлеуметтік желіге жазба жариялап, қыздардың ата-аналарына үндеу жасаған. Бірақ блогер қырыңдаған қыздардың анасы оның бәрін өшіруді талап етіп, сотқа шағымданатынын айтқан.

 Блогердің әйелі кездейсоқ күйеуінің телефонынан кішкентай қыздарға сезімін білдірген хаттарын тауып алғанын айтады. Ол хат-хабарламаның ішінде:

 “Ғашық болып қалдым ғой”, “сұлуым”, “фотоңа қарай беремін”, –  деген сынды сөздер жазылған. 

Артынша блогердің әйелі ажырасуға арыз берген. 

Блогердің балаларға арналған барбершобы бар, арасында кішкентай балалармен видеолар түсіріп тұрады. Ал блогердің өзі бұрынғы әйелім жала жапты деп полицияға шағымданған көрінеді.