Қоғам

Алматы зообағы егіз қонжықтарға ат қоюға байқау жариялайды

Алматы зообағы Instagram желісінде зообақта мекен ететін аюлар – Құрманбек пен Герданың жаңа төлдері дүниеге келгенін хабарлады. Олар жаңа жыл алдында, 29 желтоқсанда дүниеге келген.

Соған орай, зообақ қонжықтарға ат беру үшін байқау жариялауды жоспарлап отыр. Әзірге қонжықтардың жынысы белгісіз. Олар жарты жыл бойы енесінің сүтін еметіндіктен, оларды ажыратуға болмайды. 

Герда бұған дейін екі рет, 2017 және 2021 жылдары қос қонжықтан төлдеген. Олар Ник, Нельсон, Кенай, Кода атын алған болатын.